«Нұрлы жер»: Ақмолада 600 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 600 мың шаршы метрден астам баспана тұрғызылады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй даму бағдарламасының көмегімен табысы төмен азаматтар да пәтерді өз меншігіне және жалға ала алады. Ал табысы орташадан жоғары азаматтарға «Нұрлы жер» баспаналы болудың түрлі жолдарын ұсынады. 

Соңғы төрт жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырылғалы Ақмола облысында 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Осылайша 17 мыңнан астам отбасы тұрғын үй мәселесін шешті. Сонымен қатар өсу қарқыны бойынша алға жылжып келеміз: 2017 жылы 426 мың кв.м., 2018 жылы 478 мың кв.м., 2019 жылы  534 мың кв.м., ал өткен жылы  574  мың шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Жылдық жоспар 7,4% - ға асыра орындалды, – дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров. 
Оның мәліметінше, Ақмола облысы өткен жыл қорытындысында салынған тұрғын үй санының халықтың жалпы санына арақатынасы бойынша республиканың солтүстік және орталық өңірлері арасында көш бастап тұр – 737 мың тұрғынға 600 мың кв.м. тұрғын үй.
Ақмола облысында  тұрғын үй бағдарламасы «Нұрлы жер», «7-20-25», «Шаңырақ» («5-10-20» схемасы бойынша ипотека) және «Бақытты отбасы» бағдарламалары сияқты барлық бағыттар бойынша жүргізіледі», - дейді Марат Әубәкіров. 

Халықтың бірнеше санатын қамтитын ең танымал бағыттардың бірі – «сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу» деп аталады. Мұнда айқын өсу динамикасы байқалады: 2017 жылғы көрсеткіш – 19 мың шаршы метрден былтырғы көрсеткіш – 34 мың кв.м. дейін артты. 

Тұрғындарға жалға берілетін жылжымайтын мүлік көпбалалы, толық емес, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және әкімдіктерде кезекте тұрған және жұмысы бар жастарға арналған. Мемлекеттік бағдарламамен үй алғандарға сатып алу құқығынсыз тіркелгендеріне алаңдамудың еш реті жоқ. Сіз мемлекеттен жалға алынған пәтерде өмір бойы өмір сүре аласыз, шартты әр 5 жыл сайын ұзарта аласыз. Алайда, ереже жұмыс істейтін жастарға қатысты емес, бастапқы жалдау шарты ұзартуға жатпайды. Шын мәнінде жылжымайтын мүлікті сатып алуға қаражат жинау үшін бес жыл уақыт беріледі. Бұл тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатып алынатын пәтердің бастапқы жарнасы, – деп түсіндірді басқарма басшысы. 

Жалға алушылардың отбасын асыраушы қайтыс болған жағдайда оның қалған мүшелері далада қалады деген қорқынышы негізсіз. Жалдау шартында көрсетілгендей, негізгі жалға алушылардың кәмелетке толған отбасы мүшелері жалға алуды өз атына қайта ресімдеуге құқылы. 

Өткен жылы салынған 537 жалдамалы пәтердің 186-сы Целиноград ауданы, Атбасар, Степногорск, Макинск, Есіл, Степняк қалалары мен Қосшы ауылындағы көпбалалы отбасыларға берілген. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы елімізде бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшін негізгі бағдарлама болып қала береді. 2021 жылы Ақмола облысында бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Демек, мыңдаған ақмолалық отбасы баспаналы болады деген сенімдеміз, – деп толықтырды Марат Әубәкіров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы