«Нұрлы жер». 244 пәтерге 4600-ден аса азаматтан өтініш түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандық ипотекалық компания арқылы сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй алу» бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбын өткен онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ түгендеу және есепке алу бөлімінің маманы Ақнұр Мақсатқызы баяндап берді.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 1054 қаулысы «Тұрғын үй коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Мемлекеттік бағдарламаның бір бағыты – «Қазақстан ипотекалық» ұйымы арқылы сатып алу құқығы мен жалдамалы тұрғын үйді жүзеге асыру.
Биыл наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Қазақстан ипотекалық» компаниясы арасында коммуналдық тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған әкімдікке бағынышты білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қызметкерлер, Полиция департаменті және ТЖД-де жұмыс істейтін қызметкерлер үшін сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйлерді сату туралы келісімге қол қойылған, - деді маман.
Ақнұр Мақсатқызы айтқандай, осы жылы қалалық Тұрғын үй коммуналдық мекемесі бағдарлама шеңберінде 244 пәтерге өтініштер қабылдады.
Өтініштер 28 қыркүйектен бастап 7 қазан аралығында жүргізілді. Осы уақыт аралығында 4 635 азаматтан өтініш түсті. Білім беру саласы бойынша 2 030, денсаулық саласы бойынша 723, мәдениет саласы бойынша 239, спорт саласы қызметкерлерінен 284, әлеуметтік қызметкерлерден 668, ПД-ден 613 және ТЖД-ден 308 өтініш келіп түсті, - деп баяндады ол.
Бағдарлама нәтижесіне сәйкес санат бойынша кезекте тұрған азаматтар қатысуға мүмкіндік алды. Яғни мемлекеттік, бюджеттік мекемелер және әскери қызметкерлер.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал тобында тұрған азаматтар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көпбалалы отбасылардан өтініштер қабылданды. Бүгінгі күні ол өтініштерді қарап жатырмыз, - деді Ақнұр Мақсатқызы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеулері аяқталуға жақын
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы