Нұрлан Сабуровқа 50 жылға Ресейге кіруге тыйым салынбақ

34 жастағы қазақстандық және ресейлік комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады. Әртүрлі дереккөздердің мәліметінше, шектеулер көші-қон және салық заңнамасын бұзды деген болжаммен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпарат ресейлік Telegram-арналарында пайда болды, алайда әзірге ол ресми расталмады.

Еске салсақ, 2025 жылы Сабуров көші-қон заңнамасын бұзып, Ресейде рұқсат етілген мерзімнен артық қалған. Сол кезде оған айыппұл салынып, елден шығып, кейін заң талаптарына сай қайта кіруге екі апта уақыт берілген.

Ал бұған дейін әзілкештің Ресейдегі концерттері жаппай тоқтатылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: daily.afisha.ru
Өзгелердің жаңалығы