Нұрлан Ноғаев Роберт Флойдпен келіссөздер жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26-28 тамыз аралығында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымы дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Роберт Флойдтың Қазақстан Республикасына сапары өтті.

ЯСЖТСШҰ Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа сәйкес әрбір қатысушы мемлекет ядролық қарудың кез келген сынақ жарылысын және кез келген басқа ядролық жарылысты жүргізбеуге, сондай-ақ өзінің юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы кез келген жерде кез келген осындай ядролық жарылысқа тыйым салуға және оны болдырмауға міндеттенеді.

Сапар аясында Р.Флойдтың ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевпен кездесулері өтті. Кездесулер барысында халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

ҚР Энергетика министрі Р.Флойдпен кездесуінде Қазақстан Республикасының Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымымен ынтымақтастығы, оның ішінде халықаралық мониторинг жүйесіне кіретін қазақстандық станцияларды, ұлттық деректер орталығын дамыту, кадрлық әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Ермекұлы Омаров, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының қызметкерлері қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы