Нұрлан Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты

Павлодар облыстық ПД бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары Дамир Сиразидимов және кәсіпкер Евгений Евковичтің ісі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, аяқталды.

Павлодар облыстық ПД бұрынғы бастығы аса ірі көлемде пара алды, бөтеннің мүлкін иемденді, талан-таражға салды, ал облыстық полиция басқармасының экс-басшысы мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деп айыпталды. Ол осы әрекетін ғана мойындады.

Ал Нұрлан Мәсімов айыптаулардың ешқайсысымен келіспейтінін жеткізі. Дегенмен Павлодар облыстық ПД бұрынғы бастығының мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Былтыр қаңтар айында Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция бастығы қызметінен босатылғанын айта өткен жөн. Ол бұл қызметке 2019 жылы қараша айында келген еді.

2022 жылы сәуір айында оның іздеуде жүргені белгілі болды. Нұрлан Мәсімовті құрықтау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ол туралы ақпарат беретіндерге сыйақы жариялады. Қылмыскер шілде айында Ресеймен шекарада жалған құжаттармен қолға түсті.

Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша жемқорлық фактілері 2020 жылы жасалған. Сол жылғы көктемде генерал-майор Нұрлан Мәсімов өзінің орынбасарына демеуші талап етуді тапсырып, оны өз қамқорлығына алуға уәде берген.

Назерке Өтеген

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы