Нұрлан Мәсімов 13 жылға сотталуы мүмкін
Павлордар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің сот отырысында прокурор оны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Прокурор Мәсімовтің Алакөлдің жағалауындағы үйін тәркілеп, 16 млн теңгені қайтаруды талап етті.
Павлодар облыстық полициясының бұрынғы бастығы аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда.
Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша, жемқорлық әрекеті 2020 жылы жасалған. Сол жылғы көктемде генерал-майор Нұрлан Мәсімов өзінің орынбасарына демеуші талап етуді тапсырып, оны өз қамқорлығына алуға уәде берген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда 39 жастағы ер азамат өз анасын өлтірді
Өзгелердің жаңалығы