Нұрлан имам АҚШ-та Дональд Трамп қатысатын қайырымдылық іс-шарасына барды
Еліміздегі белгілі имам, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та өтетін қайырымдылық іс-шарасына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өтетін дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасына арнайы барған. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74-ші Таңғы Ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ-президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын. Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, алар асуы шыңдар болып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат, – деп жазды Нұрлан Байжігітұлы.
Айта кетейік, имам Нұрлан Байжігітұлы былтыр да АҚШ-тың астанасы Вашингтонда өткен қайырымдылық Таңғы асына қатысқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда үшем дүниеге келді
Өзгелердің жаңалығы