Нұрлан имам: "Әке-шешемді кешірдім деген не сөз?"

Нұрлан имам желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жолы имам ата-ананы құрметтеуге қатысты шариғат тұрғысынан мысалдар келтіріп, оқырманының сауалына жауап берді.

"Әке-шешемді кешірдім. Үш айлығымда әжеме қалдырып кеткен. Отыз жылдан кейін келіп кешірім сұрады" деп ағынан жарылған оқырманына имам шариғат тұрғысынан өз кеңесін айтты.

Әке-шешені кешіру деген не сөз? Шариғат тұрғысынан ойласаңыз, сізге өмір сыйлаған адамға кешірдім деген не сөз? Сізді бақты, бақпады – ол екінші мәселе. Психологтарға барудың да жөні бар, - деп жауап берді Нұрлан имам.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы