Нұрлан Әлімжанов Мәжілістегі алғашқы отырысында төрағадан ескерту алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутат Нұрлан Әлімжанов төрағадан сөз естіді.

Бұған дейін мәжілістің бірінші жалпы отырысынан қалып қойған Нұрлан Әлімжанов екінші отырыста төрағаның ашуына тиді. 

Өйткені, жалпы отырысты ашпас бұрын Нұрлан Нығматулин танымал актерді мәжіліске келуімен құттықтаған еді. Алайда, Әлімжанов орнынан тұрмады. Сосын төраға жаңадан сайланған депутатқа ескерту жасады. 

«Нұрлан қайда? Мұндайда тұру керек. Ал біз енді саған қол шапалақтаймыз. Отыр», - деді Нұрлан Нығматулин. 

Бұдан соң, Әлімжанов ант берді. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова өз қатарларына қосуға ұсыныс жасады. Бұл ұсынысты депутаттар бір ауыздан қолдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы