Нұрислам Санаев үнді балуанын тістеп алғаны үшін кешірім сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев жартылай финалдық белдесуді үндістандық Рави Кумарды не үшін тістеп алғанын айтты деп жазады Olympic.kz. 

Кумарды әдейі тістеген жоқпын. Мүмкін, жеңіліп жатқанда қалайда ұтамын деген оймен автоматты түрде жасалған шығар. Дәл сол кезде тістегенімді сезген де жоқпын. Тек кілемнен түскен соң ойландым. Суреттерді көрдім. Дереу қарсыласымнан кешірім сұрадым. Әрине, күрес ережесінде қарсыласты тістеуге болмайды. Менікі ағаттық. Кілемдегі қызумен үнділік балуанды қалай тістеп алғанымды да білмей қалдым, - дейді ол. 

Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев 57 келіде сынға түсіп, жартылай финалда Рави Кумардан жеңілді. Қола медаль үшін өткен белдесуде болгариялық қарсыласынан басым түсті. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы