Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі (182+217) көтерді. Ол жұлқа және серпе көтеру жаттығуларының әрқайсысында күміс жүлдеге ие болды.
Алтын медаль 415 келі (185+230) нәтижесімен болгариялық Карлос Насарға бұйырды. Ирандық Али Алипур 396 келі (181+215) көтеріп, қола жүлдегер атанды.
Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.
Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы биыл қыркүйекте Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өткен жазғы Азия ойындарында да күміс медаль иеленген еді. Бұған дейін ол 2022 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, 2024 жылы Манамада өткен дүниежүзілік біріншілікте чемпион болған.