Нұрбек Оралбайдың қарсыласы Хижняк туралы не білеміз?

Тамыздың сегізіне қараған түні 80 келіде бақ сынайтын Нұрбек Оралбай украиналық боксшы Александр Хижнякпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оралбайдың қарсыласы Александр Хижняк деген кім?

Александр Хижняк Украинаның Полтова қаласында дүниеге келген. 29 жастағы украиналықтың бойы 182 сантиметр. Алдағы қарсыласы Нұрбек Оралбайдан 5 сантиметрге қысқа. Спортшы мансабын 2011 жылы көктемде бастаған. Осы уақытқа дейін 160 жекпе-жек өткізген.

Хижняк - өз елінің спорт шебері, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2017 жылы Әлем чемпионы атанған. 2019 және 2023 жылы Еуропаның екі дүркін чемпионы болған. Сондай-ақ әуесқойлар арасындағы халықаралық және республикалық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Олимпиаданың 1/8 кездесуінде Хижняк Венгрия атынан сынға түсетін Филипп Акиловты төрешілердің шешімімен 29:27, 30:26, 28:28, 29:27, 30:26 есебімен жеңді. Ширек финалда бразилялық Вандерлей де Соуза Перейра бақ сынасып, айласын асырды. Сондай-ақ Александр Хижняк жартылай финалда екі дүркін Олимпиада чемпионы кубалық Арлен Лопеспен басым түсті.

Оралбайдың өмір жолы

Нұрбек Оралбай 2000 жылы 11 маусымда Астана қаласында өмірге келген. Бойы - 187 сантиметр. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Әлем чемпионы (2023), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022), Қазақстан чемпионы (2021), Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері ( 2020), жастар арасындағы әлем чемпионы (2018), сондай-ақ жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2018).

Париждегі алғашқы кездесуде Нұрбек Оралбай аустралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасты. Жекпе-жек Нұрбек күшін ауыр өтті. Төрешілердің шешімімен отандасымыз 3:2 есебімен жеңді. Кейін Оралбай Әзербайжан боксшысы Мурад Аллахвердиевтен айласын асырып, жартылай финалға жолдама алды. Ал, финал үшін күресте оның қарсыласы 23 жастағы доминикандық Кристиан Пиналес болды. Жерлесіміз 3 раунд бойы басымдық танытып, 3:2 есебімен ұтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін 50 келіде сынға түскен Назым Қызайбайдың қарсыласы туралы деректер жазған едік

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы