14 Мамыр 2023 2023, 19:54
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Нұрбек Оралбай Қазақстан құрамасына 4-ші алтын медаль әкелді
Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Нұрбек Оралбай чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем біріншілігінде Нұрбек Оралбай чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта финалда қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен жұдырықтасты. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі ұпайды Оралбайға берді. Екінші кезең қазақстандықтың басымдығы сақталды. Сөйтіп отандасымыз өзінің басымдығын танытып, чемпион атанды.
Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 4 алтын, 1 күміс медальмен аяқтады. Бұл - жалпы командалық есепте 2-орын.