Нұра топтық су құбырындағы апатты учаскенің құрылысы аяқталды

Ақмола облысында Нұра топтық су құбырының апатты учаскесінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Ақмола облысында қайта жаңартылып жатқан Нұра топтық су құбырының 68,7 шақырым бөлігінің құрылысы тәмам болды.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша Ұзынкөл, Буревестник, Полтавское және Егіндікөл ауылдарын жаңа су торабына қосу жұмысы жүргізілуде. Жақын арада бұл жұмыстар аяқталады. Осыған дейін топтық су құбырына Жантеке және Тоғанас ауылдары қосылған болатын.

Одан кейін су құбырының Ұзынкөл ауылынан Егіндікөл ауылына дейінгі бөлігін аяқтап, қолданысқа беру жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұра топтық су құбырының бас құрылыстарынан ұзындығы 36 шақырым болатын Ұзынкөл ауылына дейінгі учаскеде су беріле бастады.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сай су құбырының негізгі бөлігін төсеу жұмыстары аяқталды. Нұра топтық су құбырын реконструкциялау ерекше бақылауда. Су шаруашылығы комитетінің мамандары үнемі құрылыс алаңына барып, жұмыстардың орындалуын қадағалайды. Биыл 1,4 млн тұрғынды ауыз сумен қамту сапасын жақсарту үшін топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 30 жоба іске асырылып жатыр, – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Өзгелердің жаңалығы