Нұр Отан-20. Жаңашылдықтарға толы – Жаңа бағдарлама
Астана, BAQ.KZ. Республика бойынша бастауыш партия ұйымдары «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіне дайындықты бастап кетті. Өңірлерде нұротандықтар кездесулер ұйымдастырып, партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасының жобасын талқылауда.
Бүгінде ел бойынша миллионнан астам нұротандықтардың басын қосқан «Нұр Отан» партиясының Орталық апаратындағы БПҰ-да және 5 607 бастауыш партия ұйымдарында кездесулер өтуде. Жиында партиялықтар ақпан айының аяғында өтетін съезге дайындық барысын, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасының жобасын, сондай-ақ партияның 20 жылдығына қатысты мәселелерді талқылауда.
Атап айтқанда, бастауыш партия ұйымдары алдағы онжылдыққа арналған «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасын қарастырады. Жаңа бағдарламаның кіріспесінде «Ешкім де назардан тыс және қолдаусыз қалмауы керек», - деп анық жазылған. Еліміздегі жетекші партия әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғыртуды көздеп отыр.
«Нұр Отан» алдағы онжылдықтың 10 басты мақсатына белсенді әлеуметтік саясатқа көшу, әркімге қолжетімді болашақ білімді қамтамасыз ету, дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру, жалпыға бірдей әл-ауқат мақсаттарында экономиканың өсуі, қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау, азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау, азаматтардың мүддесінде мемлекеттің тиімділігін арттыру және т.б. тақырыптар көрсетілген.
«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтардың жаңа инновациялық буынын дайындау үшін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін білім беру жүйесін қаржыландыруды және «Болашақ» бағдарламасы бойынша педагогтар үшін квоталарды және олардың еңбекақысын ұлғайтуға, әрбір мектепте ІТ-сыныптарды және еліміздің әрбір елді мекенінде 3 жасқа толмаған балаларға арналған дамыту орталықтарын ашуға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы инклюзивті балабақшалар желісін құруға қол жеткізетін болады.
Ұлт денсаулығын жақсарту үшін партия дәрігерлердің жалақысын Батыс елдерінің деңгейіне, МСАК қаржыландыру көлемінің үлесін 60%-ға дейін арттыруға және психологиялық көмек көрсету қызметін кеңейтуге қол жеткізуге ниетті.
Сондай-ақ, партия қолжетімді және арзан несиелерді (оның ішінде ипотекалық), жастарға арналған ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарнаны субсидиялауды, құқық қорғау жүйесінде сапалы өзгерістер жүргізуді қолдайды.
Партияның жаңа бағдараламасындағы басымдылықтардың бірі - ұлттың әдеттері мен психологиясына өзгеріс енгізу. «Нұр Отан» осы мақсатта қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге ықпал ету, зиялы қауымның басқа елдердегі әріптестерімен қарым-қатынасын ынталандыра отырып, шетелдік әріптестермен мәдениетаралық және ғылыми байланыстарды дамыту бағытында жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар, жаңа бағдарламада қоғамға жаңа қадам жасап, қоғамдық келісім парадигмасынан қоғамдық бірігу парадигмасына өту қажет деп санайды. Елімізде тұратын барлық этностық топтардың өкілдері арасында қазақ халқының тілін, тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын танымал ету жөніндегі қызметті жандандырмақ.
«Біз қазақстандықтардың сенімін бағалауымыз керек және халықтың үміттеріне сай болу үшін барымызды салып жұмыс істейтін боламыз», - деп жазылған партияның жаңа құжатында.
Аймақтарда өтіп жатқан жиыналыстар барысында БПҰ мүшелері «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасын талқылап, өз ұсыныстарын береді.
Жиындар барысында партия мүшелері «Нұр Отан» партиясының 20 жыл ішінже Қазақстанның жетістіктері мен жетістіктеріндегі рөлі мен орны туралы айтты.
"Партия тарихы тәуелсіз Қазақстанның дамуымен және жетістіктерімен тығыз байланысты. Біз партиямызды елді жаңғыртудың басты қозғаушы күші ретінде қарастырамыз. Партиялық ісқимылдардағы барлық өзгерістерінің алғашқы нәтижсі бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясының жаңғырту үдерістерінің басында екенін дәлелдейді. Біздің партиямыз ХХІ ғасырдың заманауи саяси ұйымы. Және біз «Нұр Отан» партиясын айтқан кезде, бұл бір идеяны біріктіретін миллион қазақстандықтар екенін түсінеміз",- дейді партиялықтар.
Сондай-ақ, бастауыш партия ұмыйдарындағы кездесулер қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайланады. Айта кетсек, осындай конференциялар партияның аумақтық және аймақтық филиалдарында өтеді.