Нұр-Сұлтаннан Баянауылға чартерлік рейстер ашу жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға чартерлік рейстер жоспарлануда деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, демалыс үйлерінің иелеріне сыйымдылығы 9 адамдық Ан-2 ұшағымен Нұр-Сұлтан – Баянауыл және Қарағанды – Баянауыл бағыттарында чартерлік рейстерді орындау мүмкіндігі ұсынылды.
Демалыс үйлерінің иелері бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға аптасына үш рет, қыста аптасына бір рет тұрақты рейстер жоспарланып отыр, – дейді басқармада.
Қалааралық рейстерден басқа, бүгінгі таңда Баянауылдың үстімен екі-тоғыз орындық ұшақтармен немесе тікұшақпен ұзақтығы 15-20 минуттық экскурсиялар ұйымдастыруға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде қоқыс өңдейтін зауыт салу жобасы талқыланды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы