Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанға 60 мыңнан астам адам көшіп келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек жыл басынан бері елордаға 60 155 адам көшіп келіп, 49 586 адам көшіп кеткен екен.

Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 1 099 053 адам болды, былтырғы жылмен салыстырғанда халық саны 53 916 адамға, яғни 5,2%-ға өскен.

2019 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында еліміздің бас қаласында 11 896 сәби дүниеге келген, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,1%-ға өскенін байқаймыз. Осы кезең ішінде қалада 1 796 адам қайтыс болған.

2019 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында халықтың табиғи өсімі 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 71 адамға немесе 0,7% -ға кеміген.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы