Нұр-Сұлтандықтарға ескерту: Бұл суға түсуге болмайды!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадан үш шақырым жерде табылған жасанды су айдынында шомылуға болмайды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрігі Telegram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
Жасанды су айдыны Нұр-Сұлтан қаласынан 3 шақырым қашықтықта, «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» айналма жолында орналасқан. Нұр-Сұлтан қаласының экология департаментінің мамандары су айдынына қыркүйектің 4-і барып қайтты.
Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаментінің зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімі сынама алып, нәтижесінде оттегінің химиялық шығынының (ОХШ) көп мөлшерде бары расталды.
«Бұл жерде тереңдігі шамамен 5-6 метрді құрайтын қараусыз жатқан карьер орналасқан. Мұндағы судың тереңдігі шамамен 1,5-2 метр. Мұнда балық пен басқа тіршілік иелерінің тұрақты тіршілік етуі мүмкін емес. Себебі бұл жерде минералдар мен саз-балшық тым көп. «Жоғарыда аталған факторлардың себебінен резервуар фауна үшін жарамсыз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Жанболат Қайранбеков.
Карьер 2013 жылдан бастап жұмыс істемейді. Жасанды су айдынының пайда болуы да сондықтан. Жасанды карьерден 3 шақырым радиуста өндірістік және тұрғын үй нысандары жоқ. Силикат кірпіштің қалдықтары да табылған жоқ. Ағынды сулар резервуарға төгілмейді. Алайда құрылыс қоқыстарын рұқсатсыз тастау деректері анықталды.
Каолин карьері каолин деген ақ саздың ерекше түрін өндіру үшін құрылған. Бұл су айдынында шомылуға болмайды. Өйткені мұнда өндірілген каолин өте улы әрі адам денсаулығына қауіпті. Сондай-ақ, су айдынында адамның аяғын тартып әкететін саз-балшық та қауіп тудырады. Ал суға көгілдір түс беретін зат - монмориллонит (нонтронит). Суда бұл саз ерімейді, бірақ ол суды бояйтын жұқа жүзіннің пайда болуына сеп болады. Жасанды су айдыны жерасты сумен шайылады. Ондағы судың үнемі көгілдір болатынын да сондықтан.