Нұр-Сұлтандықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-ден, кей аймақтың сайлау учаскелерінде таңғы сағат 6:00-ден басталды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұран 1 көшесіндегі ғимаратта #122 сайлау учаскесі орналасқан.

#122 сайлау учаскелік комиссиясының төрағасы Мұрат Бекеев.

Оның сөзінше, сайлау учаскесі ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жабдықталған.

Кіреберісте еріктілер сайлау учаскесіне келушілерге маска, медициналық қолғап таратып тұр.

Одан бөлек, медицина мекемесінен арнайы келген маман келушілердің ден қызуын аппаратпен өлшеп кіргізіп жатыр.

Сайлау заңға сәйкес таңертең 7-де басталды. Учаскеде байқаушылар, комиссия мүшелері өз жұмыстарын атқаруда. Халық дауыс беру үшін келіп жатыр, - деді Мұрат Бекеев.

#122 сайлау учаскесінде 2501 адам тіркелген. Осыған сәйкес қосымша 1 пайызға бюллетень берілді.

Учаскенің комиссия төрағасы сайлау заңға сәйкес жүргіліп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, бөлімшелерде (кабиналар) қолды өңдеуге арналған антисептик қойылған. 

Мамандар дауыс беруге келген әр адамды қадағалап отырады. Олар учаскеден шығарда арнайы орналастырылған қорапқа жеке қорғаныш заттарын тастап кетеді.

#122 сайлау учаскесінде де ең алғаш болып дауыс бергендерге, жасы үлкендерге, туған күн иелеріне Абай атамыздың қара сөздері жазылған кітапты естелікке сыйға тартып жатыр.

Сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламыз.

Учаскеде төрағаны қоса есептегенде 11 учаскелік комиссия мүшесі бар. 

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 3 адам тіркелген. Сағат 12:00-лерде олардың үйлеріне барады. 

Байқаушылар міндетті түрде ПТР-тесті анықтамасымен кіргізіліп жатыр. 

Сайлау учаскесінда бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес барлық карантин талабы сақталған.

Айта кетейік, сайлау учаскесі Тұран көшесі бойында орналасқан.

Өз таңдауын жасауға келушілер учаске жұмысын бастағаннан бері келіп жатыр.

Аталған сайлау учаскесінде БАҚ өкілдері де ақпарат таратып жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы