Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындары доллар мен еуро сатуды тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада валюта айырбастайтын орындар доллар мен еуро сатуды тоқтатты.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттері kurs.kz сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, доллар мен еуроның сатылуын тоқтатты.  Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 466 теңгеден, еуро 517 теңгеден сатып алынуда.

Ал Алматыда доллар мен еуропалық валюта сатылып жатыр.  Алматының айырбастау орындарында доллар бағамы сатып алу үшін 467,3, еуро 520-524, ал доллар 467,5 теңге, еуро 528 теңге бағамында сатылуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы