Нұр-Сұлтандағы карантин: Жаңа қаулы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы жаңа қаулысы шықты.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптарды сақтау қажет:
бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), митингілер, шерулер, жиындар және т.б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;
қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар,компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салу;
қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін, - делінген қаулыда.Құжаттың толық сілтемесін мына жерден оқуға болады.