Нұр-Сұлтандағы ғимараттарды жарықтандыру бір сағатқа өшіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан астанасында 30 наурыз күні сағат 20.30-да ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарықтандырылуы өшіріледі. Бұл туралы Қазақстандағы экологиялық ұйымдар қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жер сағаты – 2019» халықаралық акциясы аясында «НҰР-Әлем» сферасы, «MEGASilkWay» СОО, Триумфалды Арка, Астана-Бәйтерек монументі, «Астана Опера» опера және балет театры, «Қазмедиа орталығы» телеорталығы, «Қазақстан темір жолы» РМК әкімшілік ғимараты, Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және келісім мұражайы, Хазірет Сұлтан мешіті және т.б. ғимараттар жарықтандырылмайды.

«Жер сағаты» – бұл ғаламшар табиғаты мен ресурстарына ұқыпты және жауапты қарауға назар аударатын ғаламшардағы экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд. астам адам қатысады, акцияға 175 елдің 7000 қаласының тұрғындары қосылады.

Әлемде ХІІІ рет өткізіліп отырған биылғы акцияда барлық адам наурыз айының соңғы сенбісінде жергілікті уақыт бойынша 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты өшіруге шақырылады.

Жыл сайын акция аясында Биг-Бен және Вестминстер сарайы, Эйфель мұнарасы, Колизей, Египет пирамидалары, Ватикандағы Әулие Петр Соборы, Афина акрополі, Сидней опера театры, Нью-Йорктегі Эмпайер-стейт-билдинг және тағы басқа да танымал көрікті жерлерде бір сағатқа жарық сөндіріледі.

2019 жылы «Табиғатқа тағзым» акциясы өтеді. Ормандар, өзендер және сирек кездесетін жануарлар өздерінің проблемалары туралы айтып бере алмайды, әсіресе өзекті мәселені шеше алмайды, бұл тек адамға ғана берілген нығмет. Алдыңғы акциялар қауіпсіз азық-түлікпен, жаһандық жылынумен, экологиялық санамен және қоршаған ортаны қорғауға байланысты басқа да мәселелермен байланысты болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы