Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 600-ден астам карантин тәртібі бұзылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантиндік шектеу шараларын сақтамаудың жолын кесу бойынша мобильді топтар күн сайын елордада карантин бұзушыларды анықтайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қалада 2021 жылдың басынан бері 600-ден астам карантин тәртібі бұзылды. Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов мәлім етті.Естеріңізге сала кетейік, мобильді топтардың құрамында полиция мен қала әкімдігінің қызметкерлері жұмыс істейді.
Бізге 102 нөмірі, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс құралдары арқылы қала тұрғындарынан бизнес нысандарының карантинді бұзғаны туралы хабарламалар күн сайын түседі. Тұрғындар жекелеген ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану нысандары санитарлық талаптарды бұзып, вирустың таралу қаупін тудырып, тыйым салынған уақытта жұмыс істеп жатқанын хабарлайды, – деп түсіндірді Айтмағамбетов.
2021 жылдың басынан бері елордада мобильдік топтар карантинді бұзудың 600-ден астам фактісін анықтады. Оның ішінде түнгі клубтар, кафелер, мейрамханалар – 500-ден астам, дүкендер, сауда орталықтары, базарлар – 50-ден астам, шаштараздар, сұлулық салондары, сауналар – 30-ға жуық.
Барлық анықталған заңбұзушылық бойынша материалдар Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды. Сондай-ақ біз азаматтармен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша карантиндік шараларды сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз, – деді спикер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
NASA алғаш рет Марстағы ауа райын жариялады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы