Нұр-Сұлтанда желі арқылы танысқан қызды тонап кеткен жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Нұр-Сұлтанда желі арқылы танысып, ақырында қызды тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

27 жастағы жігіт 28 жастағы бойжеткенмен «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы танысқан. Бір ай бойы интернет арқылы хат алысқан олар кездесуге шешім қабылдайды. Жігіт қызды бірден қонақ үйге шақырған.

Бірлескен отырыстан кейін ұйқыға кетер алдында қыз өзінің алтын бұйымдарын шешіп, үстелге қойған. Ал оянғанда алтын бұйымдар да жанындағы жігіт жоқ болып шығады. Кейін белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің құны шамамен 100 мың теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарын ұрлап, түнгі сағат төртте қонақүйден шығып кеткен, – деп хабарлады астаналық ПД.
Көп ұзамай күдікті табылды, ол бірнеше рет сотталған азамат болып шықты. Ол қылмысын мойындады, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы