Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жол өткелі пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жол бойындағы таңбалар мен белгілер проекциялары біріктірілген жүргіншілер өтпелі жолы пайда болды. 

Нұр-Сұлтан қаласында Жетісу саябағы мен Сарайшық көшесіндегі «Премиум» тұрғын үй кешені аумағындағы жолайрықта жаяу жүргіншілер жолын проекциялық жарықтандыру жобасы іске қосылды. Аталған учаскеде көлік қозғалысы ерекше қарқынды.


Бұл учаске жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы аясында таңдалды.


Мұнда жаяу жүргіншілер өткелі жол белгісі мен таңбалар проекциясымен біріктірілген. Бұл орын түнгі уақытта төрт жарықдиодты проектордың көмегімен жарықтандырылады. Кез келген ауа райында автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолдағы ақ-сары жаяу жүргіншілер өтетін тұс пен жол белгілерін анық көре алады. Бұл технология елімізде алғаш болып Нұр-Сұлтан қаласында қолданысқа енгізіліп отыр, - делінген әкімдік хабарламасында. 

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы