Нұр-Сұлтанда жанармайды заңсыз сатқан полицей ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында полицей қаланы патрульдеуге арналған жанар-жағармай талондарын есептен шығарып, оны жалған адамдар арқылы сатқан. 

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік полициясы полкі командирінің орынбасарын әшкереледі, - дейді Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, аталған күдікті басқа тұлғалармен бірге 2019 жылғы қараша және 2020 жылғы наурыз аралығында мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Құқықтық тәртіпті, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қойылған міндеттерді бұзған. Сонымен қатар жүйелі негізде жанармай құю стансаларында бөгде тұлғалар мен компанияларға сату арқылы Нұр-Сұлтан қаласы ПД ППД қызметкерлерінің қаланы автопатрульдеуді жүзеге асыруына арналған 1,5 млн теңгеден астам сомаға ЖЖМ талондарын заңсыз есептен шығарған, - дейді тергеуші.

Алдын ала тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы