Нұр-Сұлтанда Жаңа жыл түні 16 сәби өмірге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Жаңа жылда 16 сәби дүниеге келді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні елордада 16 нәресте дүние есігін ашты. Жаңа жылдың бірінші күні көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 6 қыз және 10 ұл бала туды, - делінген хабарламада.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, орта есеппен бір тәулік ішінде 80-90 бала дүниеге келеді. Сонымен бірге, жаңа жылда Нұр-Сұлтанның 125 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқарып, 355 фельдшер мен жүргізуші шақыртуларға шыққан. Оның ішінде алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының бригадалары да бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2022 жылғы мерейтойлар мен атаулы күндер
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы