Нұр-Сұлтанда субұрқақтар іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 46 субұрқақ кешені іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Олардың 10-ы – Алматы, 2-і –Байқоңыр, 23-і – Есіл, 11-і – Сарыарқа ауданында.Субұрқақтар қала тұрғындары көптеп жиналатын танымал демалыс орындарында қосылды: Музыкалық субұрқақ Нұрсая ТК маңында, Нұржол желекжолында; Жетісу, «Арай 3» субұрқақтары «Арай-3» саябағында; «Каскад» субұрқағы ҚазМұнайГаз айналасындағы алаңда; субұрқақтардың каскадтары - Республика даңғылы - Омаров көшесінің қиылысында; «Дөңгелек және таға» субұрқағы «Ғашықтар» саябағында орналасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Талдықорған қаласына барды
Өзгелердің жаңалығы