Нұр-Сұлтанда Сеулден келген оркестрдің концерті өтті
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасы мен ҚР арасындағы стратегиялық әріптестікке 10 жыл толуына орай концерт өтті. Кеш Қазақстандағы Корей Республикасының елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен, сондай-ақ елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын корей дәстүрлі музыкасымен таныстыру үшін Корея Республикасының астанасы Сеул қаласынан дәстүрлі оркестр келді. Бұл оркестрдің Қазақстандағы алғашқы сапары емес. Олар 2017 жылы Алматыда корейлердің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл толуына орай концерт берген.
"Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікке 10 жыл толуына орай ұйымдастырған концерттің елшілігіміздің ашылғанына небәрі бір ай өткеннен кейін өткізіліп отыр. Мен ол үшін өте қуаныштымын. Сондай-ақ кештің жақсы өтуі үшін атсалысқан ұйымдастырушылар мен қонақтарға алғыс айтамын. Сеул қалалық дәстүрлі оркестр директоры, әрі дирижері Пак Хо Сонг пен әртістерге достарымыздың жері - Қазақстанда керемет уақыт өткізулерін тілеймін", - деді Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының елшісі Ким Дэ Сик.
Елші кештің ашылуында оркестр құрамына дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігерге алғысын білдіріп, дәрігердің арқасында музыканттың концертте өнер көрсетіп алатынан айтты.
Пак Хо Сонг бастаған оркестр кеш қонақтарына «Когурё жаны», «Сэнхван» деп аталатын корей ұлттық үрмелі аспабында «Жел бағыты» композициясы мен дәстүрлі Соаджэнде «Арасонг» шығармасын, Тхунсо дәстүрлі үрмелі аспабында «Тау желінің әні», сондай-ақ кеш соңында қазақтың «Елім менің» және корейдің ұлттық әні «Намдо Ариранг» әнін тарту етті.
Сеул қалалық дәстүрлі оркестрі – Корея Республикасындағы дәстүрлі корей музыкасын орындайтын ең үздік оркестр. Топ 1965 жылы құрылған. Оның басты мақсаты дәстүрлі корей музыкасын әлемге дәріптеу. Оркестр тек Корея Республикасында ғана емес, сондай-ақ Азия, Еуропа мен Америкада танымал.
Айта кетейік, Корей Республикасының елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен 10 қыркүйекте Тұңғыш Президент музейінде корей ұлттық киімінің көрмесі өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда 125 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы