Нұр-Сұлтанда сенбілікке 1700-ден астам теміржолшы қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 18 қыркүйекте «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық экологиялық сенбілік өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 1700-ден астам қызметкері қатысты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тазалау жұмыстарына шыққан ең белсенді еңбек ұжымдарының бірі - Магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері болды. Олар 500-ге жуық адамды жинады.
Теміржолшылар қызметтік-техникалық ғимараттарға іргелес жатқан аумақтарды, вокзал маңындағы алаңдарды жөнге келтіріп, темір жолдың бөлу жолақтарын тазалады. Барлығы 10 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.
Сонымен қатар сенбілік кезінде теміржолшылар ағаш отырғызды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар сергек ұйқының құпиясын анықтады
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы