Нұр-Сұлтанда қызметтік ит жоғалған баланы табуға көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инспектор-кинолог кіші сержант Дархан Адай "Дин" атты итімен Бейбітшілік көшесіндегі аулалардың бірінен 6 жасар баланы іздеп тауып алды, деп хабарлады қалалық ПД қызметі.
Полицияға баланың анасы хабарласып, жасөспірімнің жоғалып кеткенін айтқан. Бала үйдің ауласында ойнап жүрген, әйел көшеге шыққанда баланы таппай қалған. Анасы баланы өз бетінше табуға тырысқанымен нәтиже болмаған.
Кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстары дереу ұйымдастырылып, полицейлер баланың болуы мүмкін жерлерді тексерді.
Инспектор-кинолог қызметтік итімен бірге баланы іздеуге кіріскен. Қызметтік ит баланың киімінен шыққан иіспен тез ізіне түскен. Біраз уақыттан кейін ит баланы тауып алған. Дин полиция қызметкерлерін үйдің көрші ауласындағы ойын алаңына апарған, сол жерде ойнап жүрген бала табылды. Баланың анасы полицияға ұлын жедел іздестіргендері үшін өз алғысын білдірді.
Алты жасар Дин атты овчарка Полиция департаментінің кинологиялық қызметіне 2 жыл бұрын келген. Үй жануары өте жақсы үйретілген және иіс ізі бойынша адамды іздеуге дағдыланған. Дин қызметте бірінші рет ерекшеленіп отырған жоқ. Жақында із жұмыстарын үйретудің арқасында ит ауыр қылмысты ашуға көмектесті. Иіс арқылы овчарка заттай айғақты тапты, атап айтқанда қылмыскер жәбірленушіні жарақаттаған пышақ, - деді инспектор-кинолог Дархан Адай.