Нұр-Сұлтанда полицейлер үш жігітті есірткімен ұстады
Нұр-Сұлтанда полицейлер үш жігітті есірткімен ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері “Қарасора – 2022” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Рысқұлбеков көшесіндегі үйдің ауласында ВАЗ 2115 aвтокөлігін тоқтатты, оның салонында үш жас жігіт болған. Көлікті тексеру кезінде жолаушы орындығынан тапаншаға ұқсас зат табылды.
Сонымен қатар жолаушылардың бірінің барсеткасынан 48 құтыда өсімдік тектес есірткі заты табылды, болжам бойынша “гашиш”. Заттың жалпы массасы 47,10 грамм.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада екі көшедегі учаскелерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Келесі жаңалық
Таеквандодан әлем чемпионаты: Қазақстан үздік үштікке енді
Өзгелердің жаңалығы