Нұр-Сұлтанда өзендерді тазалау жұмысы жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елорданың су объектілерінде жыл сайынғы су бетін санитарлық тазалауды қамтамасыз ету бойынша және су айдындарының акваториясы мен жағалау аумағын өсімдіктерден тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Су бетін санитарлық тазалауды қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыс түрлері жүргізіледі: өзен арналарын тазалау, су айдындарының жағалау аумақтарын қоқыстан/ҚТҚ-дан тазарту, қоқыстарды/ҚТҚ тиеу және тасымалдау, қоқыс жәшіктерін қоқыстан тазарту (Есіл өзенінде 30 қоқыс жәшігі, бірінші жағалау сызығы абаттандыруға дейін).
Сондай-ақ су айдындары мен оның жағалау аумағын өсімдіктерден тазарту бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі: су айдындары арнасындағы шөптерді алып тастау, белдеуінің орташа ені 2 м болған жағдайда шөп пен қамысты шабу, шөп пен қамысты қолмен шабу, өзен бойындағы қамыстарды шабу, шабылған шөп пен қамысты жинап, тиеп, тасымалдау, Есіл өзенінің жағалауындағы сатылар мен еңістерді, бетон плиталарды Сарыарқа даңғылынан Бараев көшесіндегі көпірге дейін тазалау және жуу, - делінген ақпаратта.
Көрсетілген жұмыстар бекітілген жоспар-кестеге сәйкес штаттық режимде жүргізіледі.
Жұмыстар мына су айдындарында жүргізіледі:
- Есіл өзені – «Көктал-1» елді мекендегі айналма жолынан әуежайдың айналма жолына дейін;
- Ақбұлақ бұлағы - т/ж жолдарынан Есіл өзеніне жалғасатын жерге дейін;
- Сарыбұлақ бұлағы - т/ж жолынан Есіл өзеніне қосылатын жерге дейін.
Аталған су айдындарынан ірі көлемді қалдықтар құрайтынын атап өткен жөн.
Осыған байланысты, қала тұрғындары су маңында жүргенде жауапкершілік танытуы қажет.