Нұр-Сұлтанда өткен веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептерінің балалары арасында бұқаралық веложарыс өтті. Балаларды қорғау күніне, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға балалар мен жасөспірімдерден құралған 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Веложарысқа қатысушылар үш шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп өтті.
Веложарыс соңында қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылып, бағалы сыйлықтар, велосипедтер, велоспортқа қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Сондай ақ «Витрина недвижимостей» ЖШС атынан номері №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің оқушыларына велосипедке арналған бас киімдер табысталды.
Веложарыс карантин шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жайылым жерлер ортақ қолданыста болады
Өзгелердің жаңалығы