Нұр-Сұлтанда өткен универсиада мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жоғары оқу орындары арасындағы дәстүрлі дода аяқталды. Оған 13 команда қатысып, 16 спорт түрінен мықтылар анықталды, деп жазды Хабар24.
Қалыптасқан жағдайға байланысты кейбір бәсекелер болмай қалды. Соған қарамастан ұйымдастырушылар оны соңына дейін жеткізудің амалын тапты. Универсиада қатысушылары волейбол, футбол, теннис және президенттік көпсайыста бақ сынады. Бұған қоса тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ұлттық ойындар да назардан тыс қалмады. Осылайша жалпы көрсеткіш бойынша жеңімпаздар анықталды.
Биыл байрақты бәсекенің бас жүлдесі Еуразия ұлттық университет құрамасына бұйырды.
Аталмыш универсиада спорт және дене шынықтыру басқармасының бастамасымен өтті. Пандемияға қарамастан соңына дейін жетті. Барлық спорт түрінен біздің команда топ жарды. Жыл сайын командалардың әлеуеті өсіп келеді. Бәсекеге қабілетті командалар көп,- деді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті спорт клубының менеджері Ерік Чинчалинов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәскеуде күрес түрлерінен турнир басталады
Өзгелердің жаңалығы