Нұр-Сұлтанда масалардың санын азайту бойынша дезинсекциялық жұмыстар басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы жыл сайын масалардың санын азайту жұмыстарын жүргізеді. Қала тұрғындары өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты eKnot қосымшасы арқылы ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бірінші кезекте биологтар, энтомологтар су айдындарында дернәсілдердің болуын тексереді, егер олар табылса, олар масалардың жаппай көбеюін болдырмау үшін роторлы бүріккіштердің көмегімен немесе дезқұрылғысы бар арнайы машиналармен өңделеді. Осыдан кейін барып өңдеу жұмысы қаланың ішкі кварталдарында жалғасады.

Қалада іс-шаралар түнгі уақытта сағат 21.00-ден таңғы 04.00-ге дейін 6 тур бойы, орталықтан бастап, басқа өңірлерден масалардың жаппай көшуін болдырмас үшін елді мекендердің шекарасынан тыс жерлерге өткізіледі.

Дезинсекциялық шаралар кезінде сақтық шараларын сақтау керек, оның ішінде өңделген жерлерге бармау және өңдеу кезінде терезелерді жабу қажет.

Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астаналық дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осымен үшінші маусымда масаларды жою жұмысын жүргізуде. Бұл шара олардың санын азайтуға бағытталған. Дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуге 150 адам жұмылдырылады, олар арнайы роторлармен жарақтандырылады. Сондай-ақ, су айдындарында да, қаланың ішкі кварталдық аумақтарында да өңдеу жұмыстарын жүргізетін арнайы техника іске қосылады. Қызметкерлер толығымен нұсқаулықтан және кәсіби даярлықтан өтті. Дезинсекциялық жұмыстар кезінде пайдаланылатын препараттар қолдануға рұқсат етілген тізілімге енгізілген және СЭС-пен келісілген, - деп түсіндірді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысының м.а. Нағима Шатаева.

Дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар адамдар мен жануарларға қауіптілігі аз препараттар қолданылады.

Тұрғындар жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы eKnot (ТКШ мәселелері бойынша) мобильді қосымшасы арқылы хабардар етілетін болады, оның көмегімен тұрғындар мен МИБ төрағалары өз үйінің аумағындағы масаларға қарсы дезинсекция қашан жүргізілетіні туралы мекенжай бойынша хабарландыру алады. Мекенжай хабарламаларын алу үшін eKnot қосымшасына тіркеліп, үйінің мекенжайын көрсету керек. Сондай-ақ мұнда басқа да ақпарат, жадынамалар, инфографика, дезинсекция бойынша жедел желі телефондары көрсетіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы