Нұр-Сұлтанда маса улау жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, ашық стацияларға, яғни саябақтарға, гүлзарларға, қаланың шеткі аудандарында өңдеу жүргізеді.

Дезинсекциялық іс-шаралар масалар мен шіркейлердің санын азайтуға бағытталған.

Елорданың «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ мен «Столичная дезинфекция» ЖШС шыбын-шіркейдің өршуіне жол бермеу мақсатында қаладағы барлық су айдындарында дезинсекциялық іс-шаралар өткізді.

Осы жылдың 30 сәуірінен бастап «Столичная дезинфекция» ЖШС елорда орталығынан бастап ашық массивтерді (парктер, скверлер, тұрғын аудандар) өңдей бастайды. Мұнда қала сыртындағы масалар мен шіркейлердің орын ауыстыруы болады.


Өңдеу кезінде біз қала тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтауыңызды сұраймыз. Атап айтқанда, жұмыс жүргізіліп жатқан тұста серуендемеу, дезмашина үйіңіздің алдында жұмыс істеген кезде, терезелерді жауып тастауыңызды өтінеміз, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы