Нұр-Сұлтанда КВИ жұқтырған әйел дені сау баланы өмірге әкелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық фтизиопульмонология орталығының инфекциялық бөлімінде COVID-19 ауруын жұқтырған елорда тұрғыны дені сау баланы өмірге әкелді. Ұл баланың салмағы 4626 грамм және бойы 61 см.
Науқаста коронавирус инфекциясы диагнозы ауруханаға түсерден бірнеше күн бұрын, босануға байланысты тексерілу кезінде анықталған. Ауруханаға түскенге дейін болашақ ана аумақтық емханада амбулаториялық бақылауда болған. Босанудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, әйел жедел жәрдем көлігімен орталықтың инфекциялық бөлімшесінің босану бөліміне жеткізілді.
Қабылдау сәтінде гинекологтардан, инфекционистерден және неонатологтардан тұратын No1 көпсалалы қалалық аурухананың дәрігерлер тобы әйелді емдеу және бақылаумен айналысқан. Бір күннен кейін дені сау бала дүниеге келді. Нәрестені коронавирус инфекциясына тексеру теріс нәтиже көрсетті. Анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы, - дейді қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке.Пандемия басталғаннан бері елордада КВИ-мен ауырған 238 әйел сау нәресте туды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық заңгер даярланады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы