Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандардың 93%-і екпе салдырмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 есе өсті. Жыл басынан бері тіркелген науқастардың 93%-і вакцинация алмаған немесе вакцинациялаудың толық курсынан өтпеген. Бұл туралы инфекцияның алдын алу жөніндегі республикалық штаб отырысында белгілі болды.

Қазақстанда маусым айының басынан бері коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші өсті. Соңғы аптада аурушаңдық 2,5 есеге артты. Бұл ретте ауырғандардың 66%-і Алматы және Нұр-Сұлтан тұрғындары, - деп атап өтті денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов отырыста COVID-19 таратпау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдары жанындағы кабинеттердің, ахуалдық орталықтардың жұмысы күшейтілгенін айтты. Биоматериал алу кабинеттерінің саны артқан. Мобильді бригадалар мен CALL - орталықтар 24/7 режиміне жұмыс істеп жатыр.

Өз кезегінде, Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мониторинг деректерін жариялады.

Вакцинация алмаған адамдар арасындағы ауру тұрақты түрде кездеседі. Ауруды талдау барысында жыл басынан бергі жағдайлардың 93%-і вакцинация алмағандар екені анықталды. Бұдан Нұр-Сұлтанда екпе салдыртпаған және вакцинациялаудың толық курсын өтпеген адамдар жиі ауырады деген қорытынды жасауға болады, - деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша өңірлерге МСАК, мобильді бригадалардың, стационарлардың резервтік төсектерді өрістету бойынша дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Вакцинациямен, ревакцинациямен және қайта ревакцинациямен қамтамасыз ету керектігі айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы