Нұр-Сұлтанда көлік жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада BMW маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып кетті.
7 маусым күні сағат 17:12-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері кезекті шақыруға шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнында BMW маркалы автомашинаның қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқанын анықтады. Өрт 17:34-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп түсіндірді елордалық Төтенше жағдайлар департаменті.Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында жасөспірім бала суға батып кетті
Өзгелердің жаңалығы