Нұр-Сұлтанда киберспорт бойынша Қазақстан кубогының алғашқы ойыны өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.


Киберспорт миллиондаған аудитория жинап, қарқынды дамып келеді! Жаңа трендті біздің еліміз де ұстанады. Нұр-Сұлтанда киберспорт бойынша ҚР кубогының алғашқы ұтыс ойыны өтіп жатыр. Чемпион атағы үшін еліміздің 7 қаласынан келген спортшылар күресуде. Кибератлеттер ресми спорттық дәрежелерге ие болады, - деп жазды әкім.


Айтуынша, бұл - соңғы жыл ішінде оффлайн режимінде өтіп жатқан алғашқы жарыс. 



Бірақ жарыс көрермендерсіз өтуде, олар үшін онлайн-көрсетілім ұйымдастырылды (Vk-дағы Qazaq Cybersport Federation ресми тобы, Atameken Business телеарнасы). Кибератлеттерге қызықты ойын мен жаңа жетістіктер тілеймін! Еліміздің бірінші чемпиондары атағын жеңіп алғандарға халықаралық аренада табыс тілейміз! Өзіңізге және өз күшіңізге сеніңіз! Спортшылар арасында тек жеңімпаздар немесе жеңілгендер жоқ екенін атап өткім келеді! Спортқа келген әрбір адам еңбек пен табандылық сияқты маңызды қасиеттерді көрсетті. Ал бұл үлкен құрметке лайық!, - деп қорытындылады ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы