6 Қыркүйек 2021 2021, 22:34

Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзған 16 мекеме анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. 

Олар күн сайын қаладағы 100-ден астам кәсіпкерлік нысанда карантин шараларының сақталғанын тексереді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен демалыс күндері мониторингтік топтар Нұр-Сұлтандағы 16 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

5 қыркүйекте Алматы және Байқоңыр ауданында орналасқан екі мекемеде санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталды.



Сенбі күні елордалық 8 мекеме бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтаған жоқ. Ал ертеңінде 6 мекемеде карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар тексеру кезінде Horeca мейрамханасында 60-қа жуық адам болған. Бұл карантин жағдайында рұқсат етілмейді. Себебі мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтық сақталмайды.


Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.


Айта кету керек, COVID-19 індетінің төмендегеніне қарамастан елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Қала тұрғындары өзінің де, өзгелердің де денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі қажет. Себебі иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып саналады.