Нұр-Сұлтанда инфекционистер конгресі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Жаһандану жағдайындағы Инфекциялық аурулар: сын-қатерлер мен шешімдер» атты ІІ Қазақстандық Инфекционистер конгресінің ашылуына қатысты. 

Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Екі күн ішінде осы саладағы жетекші сарапшылар медицина мен денсаулық сақтаудағы жаһандық проблемаларды ескере отырып, осы саладағы ең өзекті және басым мәселелерді талқылайды.

Өз сөзінде А. Цой 230 миллионнан астам адамды жұқтырған және 5 миллионнан астам адамның өмірін қиған коронавирустық инфекция пандемиясы кезінде әлем тап болған жаһандық сын-қатерлерге тоқталды. 

Әлемдік қоғамдастық экономиканы және денсаулық сақтау жүйесін қайта құруға мәжбүр болды, бұл үлкен күш сынақтарын бастан кешірді және барлық күш-жігерін COVID-19-бен күресуге бағыттады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы