Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық талаптар күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында эпидахуал қатаң бақылауға алынады. Босаңсуға ешқандай негіз жоқ. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді.
Әлемде, соның ішінде, көрші елдерде ауру санының кезекті рет өршуі байқалуда. Осыған орай Премьер-министрдің орынбасары коронавирус инфекциясының мутацияға шалдыққан штамдарының жедел тарауына байланысты өңір әкімдерінен бақылауды күшейтуді сұрайтынын айтты.Тоғжановтың айтуынша, біріншіден, бүгін коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, өңірлерде, оның ішінде ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады.
Екіншіден, барлық әкімдер адамдар көптеп жиналатын орындарда, әсіресе, демалыс орындарында санитарлық талаптардың, әлеуметтік қашықтықтың, маска режимінің қатаң сақталуына басты назар аударуы тиіс. Үшіншіден, ол барлық өңірде мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажет. Қоғамдық орындарға келушілерде «Ashyq» қосымшасымен тексеру талабын қатаң сақтау керек. Төртіншіден, ең маңызды мәселе – халықты вакцинациялау. Барлық деңгейдегі қала, аудан, облыс әкімдіктерінің күнделікті жеке бақылауында болуы тиіс. Вакцина алып үлгермеген адамдарды тез арада вакцина алуға шақыру – ең басты басымдық екенін ескертеміз, - деді Ералы Тоғжанов.
Ал Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдатуды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы