Елордада екпе алған жастар арасындағы ұтыс ойынының мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 5 тамыз бен 30 қараша аралығында КВИ вакцинасының екі компонентін алған студенттер арасында вакцинация туралы үздік бейне-челленджге арналған байқау жалғасуда, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Көптеген өтініштерге байланысты байқауды өткізу мерзімі осы жылдың 30 қарашасына дейін ұзартылды.

Байқау жастар арасында COVID-19 таралуына қарсы күресу және вакцинациядан өтуге ынталандыру, сондай-ақ студенттер арасында шығармашылық кластерді қолдау мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа астананың орта арнаулы (колледж) және жоғары оқу орындарының кәмелетке толған студенттері қатыса алады, олар осы жылдың 5 тамызы мен 30 қарашасы аралығында Нұр-Сұлтанның кез келген егу пунктінде вакцинациядан өтіп, тиісті құжат алады.

Байқау нәтижелері 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де жарияланады.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы