Нұр-Сұлтанда дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 2 қарашада елордада тұман, көктайғақ және күндіз бұрқасын күтіледі. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Құрметті қала қонақтары мен тұрғындары Төтенше жағдайлар департаменті дауылды жел кезінде ең алдымен, тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеруді, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз етуді, өртке қарсы құрал-жабдықтарды дайындауды ұсынады, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Сондай-ақ, жеке автокөлкті ағаштар мен ескі құрылыстардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелерді тығыздап жабу ұсынылады.
Құрылыс нысандарына халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдау; мүмкіндігінше құрылыс нысандарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының қызметін шектеу ұсынылады.
Тұман болған жағдайда:
- жүргізушілер қатты тежеуден аулақ болу керек. Егер жолға шығуыңыз керек болса, тұман аймағында жылдамдықты едәуір төмендету керек, ал егер жолдағы көріну екі метрден аспаса, қозғалысты тоқтатып, тоқтау ұсынылады. Сондай -ақ міндетті түрде габариттік оттарды қосу және жылдам жасалатын маневрлер- орын ауыстыру және басып озулардан аулақ болу қажет.
- жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде ғана өту ұсынылады;
- сақ болыңыз, ауа-райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалаңыз!
Көктайғақ кезінде:
- биік өкшелерден бас тартып, жай табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;
- жолдың жүру бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;
- көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.
Естеріңізде болсын: әсіресе арқамен, бетпен құлау қауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға қаралыңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» телефонына қоңырау шалыңыз!