Елордада бір тәулікте 7,5 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өткен тәулікте вакцинаның бірінші компонентін тағы 7,5 мың адам алды. Ниет білдіргендер қатары бес есе артты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Өткен апталарда біз күніне 1400-2000 адамды вакцинацияладық. Бірақ соңғы күндері тілек білдірушілердің саны артып келеді. Жұрт өз денсаулығына, айналасындағы адамдардың денсаулығына алаңдай бастады. Коронавирустың жаңа қауіпті штаммы — «Дельта» (үнді штаммы деген атаумен белгілі) пайда болғалы екпе алатындар қатары артты. Соңғы тәулікте вакцина алғысы келетіндер саны бес есе көбейді, — деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.Сондай-ақ, ведомство түрлі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарын вакцинациялауға арналған көшпелі бригадалардың жұмысы туралы да айтып өтті.
Біз еңбек ұжымдарын вакцинациялауды жалғастырамыз. Мысалы, вакцинаның бірінші компонентін коммуналдық қызмет, ПИК (МИБ) және т.б. қызметкерлері алды. Еңбек ұжымдарынан күніне бір мыңға жуық адам вакцинацияланды, — деп толықтырды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.26 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 203 мыңға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін алса, 142,5 мың адам толық иммундаудан өтті. Басқарма қоймаларында вакциналар қоры жеткілікті.
Қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов екі бөлмелі пәтердің ұтысы өтетінін жариялаған болатын. Пәтердің ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымынан 31 тамызына дейін вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.
Бұған дейін «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығының егу пунктінде бірінші компонентін алғандар арасында автомобильдің ұтыс ойыны өтетіні хабарланған болатын.
Бұдан басқа «Азия Парк», «Mega Silk Way», «Сарыарқа», «Абу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия» СОО-ларында тұрмыстық және компьютерлік техника түріндегі бағалы сыйлықтар ойнатылып жатыр, сол сияқты жеңілдік купондары беріледі. Бұл акцияға жақында «Мечта» электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің сауда желісі қосылады.