Нұр-Сұлтанда әйел құрбысын тонап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияға 41 жастағы әйел хабарласып, құрбысы оны тонап ұялы телефонын тартып алып кеткенін айтты, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Әйелдер бірге ішімдік ішкен. Содан күдікті үстел басында ауызша ұрыс-керіс кезінде ұялы телефоны мен ақшасын тартып алып, содан кейін ізін суытқан.
Полиция қызметкерлері іздестіру шаралары барысында Ресей Федерациясының 38 жастағы азаматшасын ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған әйел кінәсін мойындады, ол бұрын ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды ескертеді. Егер сізге қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасалса, дереу полицияға хабарлау қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бразилияда нөсер жауыннан 56 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы