Нұр-Сұлтанда да жолаушылар автобусы өртке оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада №51 жолаушылар автобусы өртенді. 

Оқыс оқиға 24 қазан күні Момышұлы-Сәтбаев көшелерінің қиылысында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша №51 автобус өртенген. 


"Астана LRT" компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаеваның айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


"Бүгін 24 қазан күні сағат 9.17 Нұр-Сұлтан қаласы өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Момышұлы бойында (Сәтбаев көшелерінің қиылысында) жолаушылар автобусы өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 9.21 шамасында алғашқы өрт сөндіруші жасағы келіп жеткенде, автобустың артқы бөлігі өртеніп жатқаны белгілі болды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 9.31 шамасында ауыздықталды. IVEСO маркалы​ № 51 автобустың қозғалтқышынан өрт шыққаны анықталды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Тілсіз жауды сөндіруге елордалық ТЖД-ның жеке құрамынан 7 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда да жолаушылар автобусы өртенгені туралы хабарлағанбыз.  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы