Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  6 және 7 шілдеде елорда күнін мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Елордаға республиканың төрт өңірінен жалпы көлемі 800 тонна болатын керуен келеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

"6-7 шілдеде «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында өз өнімдерін Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары ұсынады. Осы күндері «Хан Шатыр» СОО алаңында Павлодар және Ақмола облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді. Өткізілетін жәрмеңкелердің бағасы нарықтық бағадан 20%-ға төмен болады, бұл елорда тұрғындары мен қонақтарына өнімді бірнеше апта бұрын қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Олардың қатарында ет, шұжық, ет консервілері, балық, сары май, өсімдік майы, сүт, қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, печенье, кәмпит, күріш, макарон, нан-тоқаш өнімдері және т. б. бар", - делінген таратылған ақпаратта.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа, жәрмеңке аумағында өз өңірінің мәдениеті мен дәстүрлерін көрсететін көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ɵтедi. Сонымен қатар, әр өңір 150-200 аз қамтылған отбасы үшін қайырымдылық акциясын өткізеді.    
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы